# @eruqaz on Instagram

- **Type:** Image
- **Original URL:** https://www.instagram.com/p/DWyyZblCAG_
- **Gondola URL:** https://gondola.cc/posts/63393210-eruqaz-instagram
- **Thumbnail:** https://img.gondola.cc/tr:w-,h-,fo-auto/postThumbnails/3ab0b2b82d.jpg
- **Posted:** 2026-04-06T14:27:49.000+00:00
- **Account Owner:** eruqaz (@eruqaz) — https://gondola.cc/eruqaz

## Caption

АҚШ доллары бүкіл әлемде главный көрсеткіш (бенчмарк) сияқты көрінгенімен, одан да қымбат әрі мықты валюталар жетерлік.
​Тізімнің ең басында Кувейт динары тұр. Оның мұндай мощный болуы — Кувейттің мұнайдан тапқан орасан зор байлығы мен сауатты қаржылық саясатының арқасы.
​Оның артын ала Бахрейн динары мен Оман риалы келеді. Бұлардың да экономикасы тікелей мұнайға отырғызылған және курстары долларға жестко бекітіліп (фиксированный) тасталған.
​Бұл валюталардың қымбат болуы — олардың экономикасы бәрінен мықты деген сөз емес. Бұл жай ғана олардың ерекше ақша саясаты мен шикізатқа (ресурстарға) негізделген байлығының көрінісі.
​Доллардан қымбат тағы бірнеше мықты валюта бар — олар Иордания динары мен Британ фунты.

​Иорданияда ондай үлкен қазба байлықтар жоқ болса да, олар өз экономикасын стабильный ұстау үшін динарды баяғыдан долларға қатаң байлап (peg) қойған.

​Ал Британ фунты (және онымен бірге жүретін Гибралтар фунты) Ұлыбританияның жан-жақты дамыған экономикасы мен Лондонның әлемдік басты қаржы хабы болуының арқасында жоғары бағасын жоғалтпай тұр.

​Қысқасы, бұл жағдайда валютаның бағасы оның күнделікті нарықтағы күшіне емес, мемлекеттің монетарлық саясаты, әлемдік сенім және жалпы экономиканың құрылымына (структурасына) тікелей байланысты болып тұр.
​Дереккөз: International Monetary Fund. (2025). Exchange Rate Arrangements and Exchange Restrictions.
​#экономика #валюта #ақша #доллар #фактілер eruqaz

## Stats

- **Views:** 0
- **Likes:** 243
- **Shares:** 0
- **Comments:** 3

## Tags

экономика, ақша, фактілер, валюта, доллар

---
Copyright (c) Gondola