# @eruqaz on Instagram

- **Type:** Image
- **Original URL:** https://www.instagram.com/p/DWl1K-ljJkJ
- **Gondola URL:** https://gondola.cc/posts/63393229-eruqaz-instagram
- **Thumbnail:** https://img.gondola.cc/tr:w-,h-,fo-auto/postThumbnails/44d7f5d489.jpg
- **Posted:** 2026-04-01T13:41:55.000+00:00
- **Account Owner:** eruqaz (@eruqaz) — https://gondola.cc/eruqaz

## Caption

Figure 1 платформасында бір хирург сұмдық жол апатына түскен 25 жастағы қыздың оқиғасымен бөлісті.
​Қауіпсіздік белдігін тақпаған қыз ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен: ауыр ми жарақаты, бет сүйектерінің түгелдей сынуы және бір көзінің қатты зақымданғаны соншалық, оны алып тастауға тура келген.
​8 сағатқа созылған ота кезінде хирургиялық топ оның бет-әлпетін металл пластиналар, бұрандалар мен сымдардың көмегімен кәдімгі адам пазлы құсап қайта жинап шыққан.
​Отадан кейінгі трахеостомия, түрлі инфекциялар және ұзақ неврологиялық ем сияқты қиындықтарға қарамастан, қыз таңқаларлықтай жақсы оңалып келеді. Дәрігердің айтуынша, қазір оның есі толық кірген, өзі жүріп-тұрады. Бірақ, осындай ауыр жарақаттан кейін жиі кездесетін жағдай — ол қазір эмоциялық тұрғыда депрессиямен күресіп жүр.
​Желіде бұл оқиға хирургтардың дәлдігі мен шеберлігіне деген үлкен құрмет оятты. Бұл — реконструктивті (қалпына келтіру) хирургиясының адам өмірін құтқарудағы нағыз өнері екенінің айқын дәлелі.
​Дереккөз: Dunhill, J. (April 15). Surgeon Shows Incredible Images Of Facial Reconstruction After Horrific Accident. IFLScience.
​#медицина #хирургия #қауіпсіздік #eruqaz

## Stats

- **Views:** 0
- **Likes:** 860
- **Shares:** 0
- **Comments:** 16

## Tags

медицина, қауіпсіздік, хирургия, eruqaz

---
Copyright (c) Gondola