# @eruqaz on Instagram

- **Type:** Image
- **Original URL:** https://www.instagram.com/p/DXCMvMQiMDh
- **Gondola URL:** https://gondola.cc/posts/63393237-eruqaz-instagram
- **Thumbnail:** https://img.gondola.cc/tr:w-,h-,fo-auto/postThumbnails/b6f7acd8da.jpg
- **Posted:** 2026-04-12T14:06:36.000+00:00
- **Account Owner:** eruqaz (@eruqaz) — https://gondola.cc/eruqaz

## Caption

Зерттеулерге сенсек, үйдегі бейберекет шашылып жатқан заттар әйелдердің бойындағы кортизолды (стресс гормонын) күні бойы көтере береді екен. Ал шашылған заттарды уайымдамайтындарда, керісінше, кешке қарай кортизол деңгейі қалыпты түрде төмендеп, демалады.
​Неге бұл әйелдерге қаттырақ әсер етеді? Өйткені әйелдер үй шаруасындағы «көрінбейтін менталды жүкті» (mental load) көбірек көтереді. Яғни, олар шашылып жатқан затты көргенде жай ғана орнында тұрмаған бұйымды көрмейді. Олардың миында бірден процесс жүріп кетеді: «Бұны кім жинау керек? Қашан жинайды? Қайда қою керек?» — осының бәрін ойлап, миы қайнап, жүйкесі жұқарады (cognitive overload).
​Осы «стресс пен шашылған заттар» проблемасынан құтылу үшін Элизабет Эрншоу 3 қадамнан тұратын реалистік тәсіл ұсынады:

​Арылу (Shedding): Артық дүниеден арылу (кәдімгі «расхламление»). Миға да, үйге де орын босату үшін қажет емес заттармен қоштасып үйрену. Бұл эмоциялық жағынан қиын болуы мүмкін, бірақ өте маңызды.

​Алдын алу (Preventing): Система құру. Әр заттың нақты «өз үйі» (орны) болуы керек. Сонда бірдеңені қайда қоямын деп миды ашытпайсың, бәрі автоматты түрде жасалады (мысалы, түбіртектер мен чектерді сақтайтын нақты бір жәшік арнау).

​Бейімделу (Adapting): Кішкене «пофигизм» қосу. Өмірде жұмыс қаптап, уақыт жоқ кезде үйде кішкене бардак болуы қалыпты жағдай екенін мойындау. Үйдің іші 24/7 идеалды, картинкадағыдай тұруы тиіс деген ойдан арылып, одан да күйеуіңмен/жақындарыңмен бірге эмоциялық баланс ұстауға тырысу.

​Қысқасы, идеалды үйден гөрі, нервтің сау болғаны маңыздырақ!
​Дереккөздер:

​Earnshaw, E. (2024, September 12). Clutter, cortisol, and mental load. Psychology Today.

​Saxbe, D. E., & Repetti, R. L. (2010). No place like home: Home tours correlate with daily patterns of mood and cortisol. Personality and Social Psychology Bulletin, 36(1), 71-81.

​Robertson, J., & Klein, A. (2021). The invisible work of home: Mental load, gender, and family life. Journal of Family Issues, 42(11), 2527-2549.

​#психология #әйелдер #стресс #менталдыжүк #үйшаруасы eruqaz

## Stats

- **Views:** 0
- **Likes:** 42
- **Shares:** 0
- **Comments:** 3

## Tags

стресс, үйшаруасы, менталдыжүк, әйелдер, психология

---
Copyright (c) Gondola