# @eruqaz on Instagram

- **Type:** Image
- **Original URL:** https://www.instagram.com/p/DWwGT3VCAFC
- **Gondola URL:** https://gondola.cc/posts/63393239-eruqaz-instagram
- **Thumbnail:** https://img.gondola.cc/tr:w-,h-,fo-auto/postThumbnails/91cfe00b33.jpg
- **Posted:** 2026-04-05T13:24:06.000+00:00
- **Account Owner:** eruqaz (@eruqaz) — https://gondola.cc/eruqaz

## Caption

Ғылымға сүйенсек, бұдан уайымдаудың еш қажеті жоқ. Бұның басты себебі — зиянсыз ауа көпіршіктері. Құбырмен суық немесе қатты қысыммен су аққан кезде, оттегі мен азоттың майда бөлшектері судың ішінде қамалып қалады.
​Су краннан аққан сәтте қысым төмендейді де, әлгі газдар жарықты шағылыстыратын микроскопиялық көпіршіктерге айналып, суды «мутнай» (бұлыңғыр) етіп көрсетеді. Бірақ суды стақанға құйып, бірнеше секунд күтсең, ана көпіршіктер жоғары көтеріліп ұшып кетеді де, су тап-таза, мөп-мөлдір болып шыға келеді.
​Егер осы газдар сыртқа шығып үлгермей тұрып суды қатырып тастасаң, онда мұз да «мутнай» болып қатады. Ауа райы суық болғанда немесе судың қысымы жоғары болғанда бұл көпіршіктер көбейе түседі, өйткені екі жағдай да судың ішіне ауаны көбірек тығады.
​Ал қайнаған су неге басқаша?
Қайнатылған су, керісінше, суыған кезде де мөп-мөлдір болып тұрады. Өйткені қайнатқан кезде судың ішіндегі газдар сыртқа шығып, су табиғи түрде «дегазациядан» (газдан тазару) өтеді. Ішінде қамалған көпіршіктер қалмағандықтан, су суығанда немесе мұз боп қатқанда жарық шағылысатын ештеңе қалмайды.
​Дегенмен, уақытша бұлыңғырлық зиянсыз болғанымен, егер суың үнемі лайланып тұрса, әрі дәмі мен иісі біртүрлі болса — бұл құбырда минералдардың немесе түрлі шөгінділердің жиналып қалғанын (әсіресе кермек суда жиі кездеседі) білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда сумен қамтитын мекемеге хабарласқан дұрыс.
​Дереккөз: Clearwater Systems. "Why Is My Tap Water Cloudy?"
​#ғылым #су #фактілер #eruqaz

## Stats

- **Views:** 0
- **Likes:** 751
- **Shares:** 0
- **Comments:** 2

## Tags

ғылым, фактілер, су, eruqaz

---
Copyright (c) Gondola