# @eruqaz on Instagram

- **Type:** Image
- **Original URL:** https://www.instagram.com/p/DWeHLBcCKN5
- **Gondola URL:** https://gondola.cc/posts/63393243-eruqaz-instagram
- **Thumbnail:** https://img.gondola.cc/tr:w-,h-,fo-auto/postThumbnails/e7b2d17a4f.jpg
- **Posted:** 2026-03-29T13:45:19.000+00:00
- **Account Owner:** eruqaz (@eruqaz) — https://gondola.cc/eruqaz

## Caption

Жаңа жуылған киімнің иісінен кайф ұстайсың ба? Онда саған жаман жаңалық бар: сен дәл қазір кәдімгі токсикалық химиямен демалып тұрсың. Дәрігерлердің айтуынша, бұл — үйдегі ауаны ластайтын бірінші нөмірлі жау. ​АҚШ-тық дәрігер-гастроэнтеролог Парта Нандидің сөзіне сенсек, киімді жұмсартатын (кондиционер) құралдардың артында қалатын әлгі «керемет аромат» — шын мәнінде өте қауіпті ұшпа органикалық қосылыстардың (ацетальдегид, бензол сияқты химиялық заттардың) қоспасы. Бұл қоспалар өкпені тітіркендіріп, теріні құртып қана қоймай, ұзақ мерзімде қатерлі ісікке (ракқа) дейін апаруы мүмкін екен. ​Бұл химикаттар үйдегі ауаға таралып, бөлменің ішін де, даланы да ластайды. Күнделікті бас ауыру, бас айналу немесе түсініксіз жөтелді біз көбіне «ауа райынан шығар» немесе «шаршағаннан ғой» деп елемейміз. Сөйтсек, бұның бәрі үйдегі осы тұрмыстық химияның кесірінен болуы әбден мүмкін.
​Дәрігер хош иісті кондиционерлерден бас тартып, арзан әрі қауіпсіз альтернативаларға көшуге кеңес береді:

​Ақ сірке суы (уксус)

​Қарапайым ас содасы

​Кір кептіргішке салатын арнайы жүн шарлар

​Бұл химиялық улануды азайтып қана қоймай, табиғатқа да пайдасын тигізеді. Әсіресе үйде кішкентай балалар, үй жануарлары немесе астма/аллергиясы бар адамдар болса, бөлмені жиі желдетіп, химиядан барынша аулақ болған дұрыс. Қысқасы, хош иісті химиядан біржола бас тарту — өзіңнің және жақындарыңның денсаулығы үшін жасайтын ең дұрыс қадам.
​Дереккөз: Nandi, P. (2025). The Hidden Dangers of Fabric Softeners.
​#денсаулық #экология #тұрмыстықхимия #eruqaz

## Stats

- **Views:** 0
- **Likes:** 120
- **Shares:** 0
- **Comments:** 1

## Tags

экология, денсаулық, eruqaz, тұрмыстықхимия

---
Copyright (c) Gondola