# @eruqaz on Instagram

- **Type:** Image
- **Original URL:** https://www.instagram.com/p/DWMFBHGiCp-
- **Gondola URL:** https://gondola.cc/posts/63393311-eruqaz-instagram
- **Thumbnail:** https://img.gondola.cc/tr:w-,h-,fo-auto/postThumbnails/0b9552a63b.jpg
- **Posted:** 2026-03-22T13:40:10.000+00:00
- **Account Owner:** eruqaz (@eruqaz) — https://gondola.cc/eruqaz

## Caption

Үйінде үнемі ұрыс естіп, тоқтаусыз сынға ұшырап өскен балалардың миында стресс жүйесі үнемі «тревога» режимінде қатып қалады. Тіпті ешқандай қауіп төніп тұрмаса да, олар әрдайым бірдеңе болатындай күтіп, қорқып жүреді. Осындай тоқтаусыз «ұрыс немесе қаш» состояниясы баланың өзін қауіпсіз сезініп, жайбарақат жүруіне кәдімгідей кедергі жасайды.
​Гарвард университетінің зерттеуіне қарасақ, кішкентай кезінен осындай жесткий эмоционалды стресс көрген баланың миының структурасы тіпті өзгеріп кетеді екен. Соның кесірінен өсе келе олар эмоциясын дұрыс ұстай алмайды, тревожность пайда болады және бір нәрсеге фокус қоюы қиындайды. Қарапайым әңгіменің өзін қауіп көретін болғандықтан, мұндай балалар үнемі сақтанып жүреді, өзімен-өзі тұйықталып қалады немесе эмоциясын мүлдем «өшіріп» тастайды. Негізі, бұл — ағзаның аман қалу үшін қосатын қорғаныс механизмі ғой.
​Олар есейген сайын «қазір мені сынайды» немесе «тиіседі» деген қорқыныш жүйке жүйесіне әбден сіңіп қалады да, бұл олардың самооценкасына және адамдармен араласуына қатты ұрады. Біреуге сену, ортада өзін еркін сезіну олар үшін қиынның қиыны, өйткені миы үнемі критика немесе отказ күтіп тұрады.
​Бұл бітпейтін күйзелісті ғылымда «токсикалық стресс» деп атайды. Оның зардабы өмір бойына созылуы мүмкін — депрессия мен оқуға қиналудан бастап, кәдімгі физикалық ауруларға дейін алып келеді. Қысқасы, үйдегі эмоционалды напряжение баланың тек психикасын ғана емес, биологиясын да тікелей бұзады.
​Дереккөз: The Center on the Developing Child at Harvard University. InBrief: The Impact of Early Adversity on Children's Development. (2007)
​#психология #тәрбие #токсикалықстресс #eruqaz

## Stats

- **Views:** 0
- **Likes:** 231
- **Shares:** 0
- **Comments:** 0

## Tags

токсикалықстресс, психология, eruqaz, тәрбие

---
Copyright (c) Gondola