# @eruqaz on Instagram

- **Type:** Video
- **Original URL:** https://www.instagram.com/p/DWQ_I-YiJUX
- **Gondola URL:** https://gondola.cc/posts/63393445-eruqaz-instagram
- **Thumbnail:** https://img.gondola.cc/tr:w-,h-,fo-auto/postThumbnails/a8e784640d.jpg
- **Posted:** 2026-03-24T11:25:43.000+00:00
- **Account Owner:** eruqaz (@eruqaz) — https://gondola.cc/eruqaz

## Caption

Идеология, салт-дәстүр немесе жеке пікірлер сияқты емес, ғылым сенен соқыр сенімді талап етпейді. Оның басты күші үнемі дұрыс болуында емес — онымен дауласуға, оны тексеруге және жақсартуға болатынында.
​Ғылыми теория біреу оған сенгені үшін ғана өмір сүрмейді. Ол конкретно, предсказуемо және қайталап жасауға болатындай жұмыс істегендіктен ғана мықты.

​Гравитация сені жерге құлату үшін сенің сеніміңе мұқтаж емес.

​Вакцина аурудың алдын алу үшін ешқандай "иманды" қажет етпейді.

​Эволюция, климаттың өзгеруі, кванттық механика — бұлар қатып қалған догма емес. Бұлар — нақты фактілерге құрылған, экспериментпен тексерілген және жаңа дәлел табылса, өзгеруге дайын модельдер.
​Ғылымның басты фишкасы да осында — ол өзін-өзі түзете алады. Егер логикаға қонымдырақ, мықтырақ түсіндірме табылса, ғылым соған бірден бейімделеді. Бұл икемділік — оның әлсіздігі емес, керісінше, ең үлкен күші.
​Ғылымға сенудің қажеті жоқ.
Сен жай ғана мәліметтерді зерттей аласың.
Эксперимент жасап көре аласың.
Нәтижесін өз көзіңмен көресің.
​Ал егер ол жұмыс істемесе, ғылым оны лақтырып тастауды талап етеді. Ешқандай соқыр сенім керек емес. Тек сұрақтар, нақты дәлелдер және прогресс.
​#ғылым #критикалықойлау #скептицизм #eruqaz

## Stats

- **Views:** 499
- **Likes:** 33
- **Shares:** 0
- **Comments:** 2

## Tags

критикалықойлау, ғылым, скептицизм, eruqaz

---
Copyright (c) Gondola