facebook pixel
Атақты табиғат зерттеушісі Сэр Дэвид Аттенбороның құрметіне аталған бұл саңырауқұлақ тастанды үңгірлер мен ескі қоймалар сияқты қараңғы әрі сыз жерлерде кездеседі. Бұл бәле нақтырақ айтсақ, үңгір өрмекшілеріне жұғып, олардың мінез-құлқын (поведение) өлерінің алдында кәдімгідей өзгертіп жібереді. ​Бұл қалай жұмыс істейді? Құмырсқаларды басқаратын әйгілі Ophiocordyceps саңырауқұлағы сияқты, бұл Gibellula да өрмекшінің миы мен қозғалысына әсер ететін арнайы химиялық заттар бөліп шығарады. Соның кесірінен байғұс өрмекші инфекциядан өлмес бұрын, өзінің қауіпсіз өрмегін тастап, саңырауқұлақтың өмір сүріп, ары қарай көбеюіне ең ыңғайлы деген жерге қарай «көшуге» мәжбүр болады. Бір сөзбен айтқанда — табиғаттағы нағыз зомби-апокалипсис. ​Зерттеушілер тобы тарихи деректерді ақтара келе, бұл саңырауқұлақтар тобының Англия мен Уэльстегі өрмекшілердің популяциясына қаншалықты үлкен әсері бар екенін байқаған. Ғалымдардың айтуынша, бұл паразиттер табиғаттағы өрмекшілердің санын бақылап (контрольдеп) ...

 324

 7

    Suggested Credits
    Tags, Events, and Projects