facebook pixel
Миллениалдар, зумерлер мен альфалардан кейін эстафетаны жаңа «Бета» ұрпағы алады. Бұл буын жасанды интеллект, бәрін автоматтандыру және климаттың ауытқуы қалыпты жағдайға айналған заманда өседі. ​Алдыңғы «Альфа» сияқты, бұл атау да грек алфавитінен алынған, оны австралиялық демограф Марк МакКриндл ұсынған екен. 2025 жылдан бастап 2039 жылға дейін туатын бұл балалар тарихтағы ең саны көп ұрпақ болмақ. Прогноз бойынша, 2030 жылдың өзінде олардың саны 2 миллиардтан асып түседі. ​Ең қызығы, беталар — көздерін ашқаннан ЖИ-дің (жасанды интеллектінің) ортасында өсетін бірінші ұрпақ. Олар біз сияқты қағаз ақша ұстау, үй тапсырмасын дәптерге қолмен жазу немесе рульге отырып машина айдау дегеннің не екенін мүлдем білмей өсуі әбден мүмкін. Әрине, ұрпақты бұлай бөлу әр адамның қандай болатынын дәл айтып бермейді, бірақ глобальный трендтер мен технологияның қоғамды қалай өзгертіп жатқанын жақсы көрсетеді. Қысқасы, Бета ұрпақ бізден қалған проблемаларды да, мұраны да мойнына алып, өздерінің жаңа бол...

 9.9k

 17

    Suggested Credits
    Tags, Events, and Projects