Жарты миллионға жуық адам қатысқан ауқымды зерттеудің нәтижесі бойынша, жылдам жүру ұзақ өмір сүрудің ең қарапайым әрі ең нақты көрсеткіштерінің бірі. Ғалымдар үнемі шапшаң жүретін адамдардың жайбасарларға қарағанда 15 жылға дейін ұзағырақ өмір сүретінін анықтады. Бұл ретте адамның салмағы ешқандай рөл ойнамайды. Бұл жаңалық «денсаулықтың басты көрсеткіші — салмақ» деген ескі түсінікті жоққа шығарып, жүріс жылдамдығының дене массасының индексінен (ДМИ) әлдеқайда маңызды екенін дәлелдеп отыр. Ең қызығы сол артық салмағы бар немесе тіпті семіздікке шалдыққан, бірақ шапшаң жүретін адамдар салмағы қалыпты жайбасар жандардан әлдеқайда ұзақ өмір сүрген. Бұл дененің төзімділігі, әсіресе жүрек-қан тамырларының мықтылығы адам ғұмырына орасан зор әсер ететінін көрсетеді. Ұлыбританияның Biobank деректеріне сүйеніп, Mayo Clinic Proceedings журналында жарияланған бұл зерттеу күнделікті жүрісіңіздің болашақ саулығыңыз туралы көп нәрсе айта алатынын дәлелдейді. Қысқаша айтқанда: бүгін қаншалықты ж...
Suggested Credits
Tags, Events, and Projects