facebook pixel
Ғалымдар 1-ші типті қант диабетін толықтай емдеп жазатын жаңа тәсіл тапты. Әзірге тышқандарға жасалған бұл тәжірибеде қан түзуші діңгекті жасушалар мен инсулин бөлетін жасушаларды біріктіріп трансплантациялау арқылы иммундық жүйе қайта бағдарламаланған. Нәтижесінде донор мен қабылдаушы жасушалардың гибриді түзіліп, ағзаның ұйқы безіне жасайтын аутоиммунды шабуылы біржола тоқтайды. Аурудың белгілерін ғана басатын дәстүрлі емге қарағанда, бұл әдіс диабеттің тамырына балта шабады. ​Ем қабылдаған барлық тышқанда — ауруға бейім болсын, немесе қазірдің өзінде ауырып жүрсін — диабет ешқандай асқынусыз және жасушалардың қабылданбай қалу қаупінсіз толығымен жойылған. Процедура барысында ағзаны дайындау үшін аз мөлшердегі радиация мен арнайы антиденелер қолданылады. Бұл тәсілге қажетті препараттардың көбі медицинада бұрыннан бар болғандықтан, зерттеушілер жақында адамдарға да клиникалық сынақтар басталады деп үміттеніп отыр. Егер сынақ сәтті өтсе, бұл тек диабет қана емес, басқа да көптеген ауто...

 326

 2

    Suggested Credits
    Tags, Events, and Projects