Джеффри Хоффман АҚШ астронавты, 5 рет ғарышқа ұшқан.
Хабблды ғарышта жөндеуі 1993 жылы Hubble Space Telescope телескобының айнасында ақау бар екені анықталды. Сол кезде «шаттл» миссиясы барысында Хоффман ашық ғарышқа шығып, телескопқа түзетуші оптикалық жүйе орнату жұмыстарына қатысты. Бұл операция астрономия тарихындағы ең сәтті құтқару миссияларының бірі саналады Хаббл кейіннен ғаламның терең суреттерін түсіріп, космологияда төңкеріс жасады.
Қазір немен айналысады? Ғарыштан кеткен соң ол Massachusetts Institute of Technology (MIT) университетінде профессор болып жұмыс істеді. Аэронавтика және астронавтика саласында студенттерге дәріс оқып, ғарыштық инженерия мен адам қатысатын миссиялар тақырыбында зерттеу жүргізумен айналысты. Ол бүгінде де ғылым мен білім беру саласында белсенді тұлға ретінде танымал.
#ДжеффриХоффман #Хаббл #ғарыш #NASA #еruqaz